Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қатты ыстық болады: синоптиктер ауа райы болжамын жасады

Қатты ыстық болады: синоптиктер ауа райы болжамын жасады
Сурет: emergency.spb.ru
26 шілдеде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Қазгидромет 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

26 шілдеде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 

Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады.

Еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарында, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Павлодар облысында қатты ыстық болады.

Алматы облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Жамбыл облысының батысында күн қатты ысиды.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атыраудың оңтүстігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағандының солтүстік-батысында, Жамбылдың оңтүстік-шығысында, батысында, Алматының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстауда, Атыраудың шығыс бөлігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, Түркістанның шөлді аймақтарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар