Мәдениет
“Анамды көргендей иіскеп”: Тоқтар Серіков жантебірентерлік жазба жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 шілде, 2024
- 309
Алтындарым-ай, бір көрсем арманым болмас еді ғой
Әнші Тоқтар Серіков анасын сағынғанын жазып, жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі жақында ауылына барып қайтқан.
"Ауылға барып қайттым. Сол баяғы қалпында тұр. Тек мен сағынып баратын адамдардың табылмағаны болмаса. Алтындарым-ай, бір көрсем арманым болмас еді ғой. Анашымның жалғыз бауыры Нұрат нағашыма амандасып қайттым. Нағашымда қарттықтың кемесіне мініп алыпты, түскісі жоқ. Анамды көргендей искеп мауқымды басқан болдым. Амандығыңды тілеймін алладан нағашы", - деді ол.