Иранда өткен олимпиададан қазақстандық оқушылар бес медаль алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 шілде, 2024
- 277
Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленді, KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі команда құрамының тізіміні жариялады:
Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Артур Ким - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Әмір Пшенбаев - Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері - Самат Мақсұтов - PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтджанов - SDU University физика пәні мұғалімі.
“Қазақстан құрамасын, мектеп ұжымдары мен ата-аналарды айтулы жеңіспен құттықтаймыз!”, – деп жазылған министрлік хабарламасында.