
Марат Қалқабаев 2013 жылдан бері ҰҚК төрағасының орынбасары болған
ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Марат Қалқабаев 2013 жылдан бері ҰҚК төрағасының орынбасары болған.
Келесі мақала
Ерке Есмахан мен Раймның ұлы жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Руслан Желдібай мен Қуаныш Есекеев жаңа қызметке тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2025