«Коллекция деп айтсам болады»: Гүлзира Айдарбекова бриллиант жиындықтарға қызығатынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 шілде, 2024
- 773
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова қымбат бұйымдарын көрсетіп, бриллианттарға қызығатынын жасырмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайрат Нұртастың анасы бұл туралы “Әсембике” бағдарламасында айтты.
“Иіссуларды қатты жақсы көремін. Массаж құралдарын да жинағанды ұнатамын. Коллекция деп айтсам болады. Бір бөлмеде 3-4 массаж жасайтын құралды көресіз. Астанадағы ұлымның үйінде де бар. Қайраттың бөлмесінде де бірнешеуі тұр. Гардеробым қатты үлкен емес. Екі қаладағы үйімізде де гардеробым бар. Орын алып тұрғандардың дені – сахналық киімдерім. Отандық дизайнердің қолынан шыққандар. Қыз ұзатамын, келін кіргізіп, тұсау кескенде осы көйлектерімді киіп шығамын. Италиялық бренд киім де көп. Көріп тұрсаңыз аяқ киім де көп. 5-7 см ғана биік өкше киемін. Жемпір кигенді жақсы көремін. Бір киімді қатты ұнатсам, тастамай киіп жүремін. Мен киімнен гөрі бриллиант жиынтықтарға қызығамын. Өзім сыйлыққа алғанды жақсы көремін. Сыйлағанды да жақсы көремін”, – деді продюсер.