Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Інісі өзіне қарызды қайтармаған ағасы мен жеңгесін үш баласымен өртеп жіберген

Інісі өзіне қарызды қайтармаған ағасы мен жеңгесін үш баласымен өртеп жіберген
usolie-citi.ru
Оқиға Өзбекстанның Ташкент қаласында болған.

Өзбекстанда бір түнде бүтін отбасы мүшесі түгел өртенді, - деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі zamon.uz сайтына сілтеме жасап.  Оқиға қайтарылмаған қарызға байланысты әдейі ұйымдастырылған қастандық болып шықты.

Оқиға Өзбекстанның Ташкент қаласында болған. 26 шілде күні таңғы 6:19-да өрт туралы хабар тараған. Өрт сөндірушілер үй ішінен 1991 жылы туған ер адамның, 1999 жылы туған әйел кісінің және 3 баланың мәйтін тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті 1995 жылғы ер адам. Ол қаза болған үй иесінің інісі болып шықты. Оның айтуынша, араларында ақшаға қатысты кикілжің болған. Ағасы 30 жастағы інісінің қарызын қайтармаған. Інісі сол себепті осындай жауыздыққа барған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар