«Желдің күшеюі күтіледі»: синоптиктер 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қыркүйек, 2024
- 561
"Қазгидромет" РМК 7 қыркүйекте елімізде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Республиканың басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында түнде қатты жауын шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.