Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«2 градус үсік»: синоптиктер 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

«2 градус үсік»: синоптиктер 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады
Сурет: bestnews.kz
Найзағаймен жаңбыр жауып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін

"Қазгидромет" РМК 3 қыркүйекте болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағаймен жаңбыр жауып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін. Түнде елдің шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін. Елдің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша жел күшеюі және оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауылмен жел күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының орталығында, Қызылорда облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар