Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Не болды сонша көре алмай»: Абай Бегейдің әйелі өзін сынаған әйелдерге ашуланды

«Не болды сонша көре алмай»: Абай Бегейдің әйелі өзін сынаған әйелдерге ашуланды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Қыздар, келіншектер бұл әлемде онсыз да жаманшылық жетерлік, ең болмаса біз бір-бірімізге қолдау көрсетейікші!

Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова көмекші іздеймін деп сынға қалды. Олар жақында немерелі болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазып, өзін сынағандарға ашуланды.

“Ойпырмай, қанша адамды бұғаттап тастадым. Не болды сонша көре алмай көмекші алғанымды? Жылайын ба, күлейін бе? Жұрттың қатыны мен келіні дым жасамай жатқанына сонша ашулы әйелдер. Әйелдің жауы – әйел”, – деп жазды блогер.

Ол әйелдер қауымын біреудің жақсылығына қуана білуге шақырды.

“Қыздар, келіншектер бұл әлемде онсыз да жаманшылық жетерлік, ең болмаса біз бір-бірімізге қолдау көрсетейікші! Бір-біріміздің аяғымыздан шалмайықшы! Мысалы, кешегі ұтыскерді айтайық. Ол үйде отырған 4 баланың анасы, күйеуі күні-түні құрылыста жұмыс істейді. Мешітте отырған жерінен алла сый етіп, 8 миллион теңге бере салды. Соның өзінде "дұрыс қуанбады" деп тағы сол баяғы әйелдер қауымы жеп барады. Бұйырған нәрсе кетпейді, біреу үшін қуана білудің өзі қуаныш емес пе?! Мұны не үшін айтып отырмын? Бір әйел өзіне көмекке адам жалдаса, тамаша емес пе?! Күйеуі сондай мүмкіндік берсе, бәрекелді емес пе?! Сол әйел үшін қуанайықшы! "Бізге де күйеуіміз көмекші алып берер" деп", – деп жазды ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар