Қоғам
Түркістан облысында суретке түспекші болған 16 жастағы қыз суға батып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 шілде, 2024
- 387
Достарының айтуынша, 16 жасар қыз фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап, суға батып кеткен
Түркістан облысында құтқарушылар суға құлап кеткен 16 жастағы қызды іздестіруде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
"2024 жылғы 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне "Сайрам-Өгем" аумағына Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де достарының айтуынша, 16 жасар қыз фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап, суға батып кеткен", - деп хабарлады ведомстводан.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 54 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техника, Түркістан облысы ПД 6 қызметкер және 3 техника, жергілікті атқарушы органдардың 11 қызметкері жұмылдырылды.