“Соңғы сөздері құлағымда”: Дәулет Мұқаев анасының сөзі өзіне күш бергенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 шілде, 2024
- 672
Депутат Дәулет Мұқаев анасын соңғы сапарға шығарып салу кезінде көпшіліктің алдында сөз сөйледі. Ол анасының өзіне разы болып кеткенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол көпшілікке тірі кезінде аналарын барынша бағалауға шақырды.
«Бүгін анамызды соңғы сапарға шығарып салдық. Бұл сөздерді жыламай айту оңай соқпады. Бірақ анамның маған айтқан соңғы сөздері құлағымда тұрды: «Балам, жылама. Жыласаң ауырып қаласың. Сен мықты бол. Аллаға мың да бір шүкір. Мен саған разымын...». Маған тағы бір күш берген нәрсе - анамның соңғы демі шығарда Кәлиманы айтып, таң намазы кіргенде мәңгілік мекенге аттануы. Жаныңыз жәннатта болсын, жан анам! Тірісінде ананы бағалаңыздар, аялаңыздар, сыйлаңыздар. Тірісінде разылығын алыңыздар! Ешкім мәңгілік емес...», - деп жазды Д. Мұқаев.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024