Спорт
Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов: Париж Олимпиадасындағы атышулы жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды
- автор kyn.kz
- 31 шілде, 2024
- 7.2k
Қазіргі ақпарат бойынша, Бибосынов пен Дусматов арасындағы ширек финалдық жекпе-жек тамызда өтеді.
Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында Өзбекстан боксшысы, басты қарсыласы Хасанбой Дусматовпен кездеседі, – деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Дусматов 18 жастағы пуэрто-риколық Хуанма Лопес де Хесусты жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Қазіргі ақпарат бойынша, Бибосынов пен Дусматов арасындағы ширек финалдық жекпе-жек 2 тамыз күні сағат 21:20-да өтеді.
Бибосынов пен Дусматовтың осыған дейінгі кездесуіне келсек, есеп 1:2. Сәкен 2021 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетсе, Думатов 2023 жылғы Азия чемпионаты мен 2022 жылғы Азия ойындарының финалында жеңді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бибісара Асаубаева табысы жоғары 10 әйел шахматшының қатарына енді
- авторТомирис Тоныкөк
- 13 ақпан, 2026




