Мұндай бұзушылықтар үшін жеке тұлғалар үшін 185 мың теңге, заңды тұлғалар үшін 738 мың теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған
Белгілі актер Нұртас Адамбайға айып тағылды. Бұл туралы ақпарат Сот кабинетінде пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Нұртас Адамбайға Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзды деген айып тағылып отыр.
Атап айтқанда діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға қатысты.
Мұндай бұзушылықтар үшін жеке тұлғалар үшін 50 АЕК (185 мың теңге), заңды тұлғалар үшін 200 АЕК (738 мың теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
АҚШ елшісі Нұрлан имамның үйінде қонақ болып, шашу шашты
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2026
Мәдениет
Димаш Құдайберген мексикалық жанкүйерлеріне ерекше алғыс айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қараша, 2026




