«Тамақ іседі, қызуы көтеріледі»: Роза Әлқожа балаларының сырқаттанып қалғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 тамыз, 2024
- 683
Әнші Роза Әлқожа балаларының сырқаттанып қалғанын айтып, барлық жерде белгісіз аурудың жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Кеш жарық болсын! Өскеменнен келгелі балалар ауырып, түнімен ұйқы жоқ. Байқағаным - мутацияға ұшыраған түрленген ковид жүр екен барлық жерде. Өйткені қай қалада болса да, диагноз бір. Тамақ іседі, қызуы көтеріледі, іші түйнеп ауырады, құсу, іш өту белгілері бар.
Сонда деймін де, адамнан (адам деуге келсе?!) жауыз тіршілік иесі жоқ екен ғой ғаламда?! Рахмет саған, иммунитет! Қандай ауру болса да жеңіп келеміз, шүкір! Алланың дегенін күтпей, қолдан дімкәс қоғам жасап, құр ділмарсыған ұрпаққа айналдық, ә?!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024