Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Психиатриялық ауруханада жатыр»: Павлодарда 12 жасар қызды зорлап жүкті қылған күдікті туралы дерек шықты

«Психиатриялық ауруханада жатыр»: Павлодарда 12 жасар қызды зорлап жүкті қылған күдікті туралы дерек шықты
Сурет: mk.ru
Қызды зорлау әрекеті 2023 жылы қазан айында болған

Павлодарда 12 жасында босанып қойған мектеп оқушысының жағдайы туралы балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Нәсімжан Оспанова айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қыз оқуын жалғастыратын болады.

“Қыз оқуын жалғастырады. Оған психологиялық және педагогикалық көмек көрсетіледі. Балалардың білім алу құқығы Конституциямен қорғалады”, – дейді Нәсімжан Оспанова.

Ал баланың әкесінің қайда екені белгілі болды. Ол да кәмелет жасқа толмаған.

“Бұл – өте қорқынышты және алаңдатарлық жағдай. Қыздың жағдайын байқаған мектеп мұғалімдері, психологиялық және медициналық қызметкерлермен бірге жұмыс істей отырып дереу әрекетке көшкен. Қылмыстық іс қозғалды. Қыз бен оның жақын туысының арасындағы жағдай үйде болған. Күдікті де кәмелет жасқа толмаған. Зорлау әрекеті 2023 жылдың қазан айында болған. Күдікті қазір психиатриялық ауруханада жатыр. Оған қатысты белгілі бір сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл іс Балалар құқығын қорғау комитетінің бақылауында”, – деді Нәсімжан Оспанова.

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар