Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында әкесі үш баламен бірге суға батып кетті

Ақтөбе облысында әкесі үш баламен бірге суға батып кетті
Сурет: 1obl.ru
Суға шомылу кезінде балалардың қасында ата-анасы болған

Ақтөбе облысындағы Ырғыз өзеніне үш бала мен 39 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға  Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов ауылы, Ырғыз өзенінде болды. 

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1985 жылы туған ер адам 2011, 2013, 2017 жылы туған үш баланы құтқармақ болған.

Оның екеуі — өз баласы, біреуі туысы. 

“Суға шомылу кезінде балалардың қасында ата-анасы болған. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар 4 адамның денесін судан шығарды. Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз”, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар