Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 5 балабақшаның меңгерушілері тамаққа бөлінген ақшаны жеп қойған

Астанада 5 балабақшаның меңгерушілері тамаққа бөлінген ақшаны жеп қойған
Сурет: ingushetia.ru
Олардың сыбайласы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астанада 5 балабақша меңгерушілері және олардың көмекшілері балаларды тамақтандыруға арналған ақша қаражатын жымқырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасы мәлімдеді.

«Экс-балабақша басшылары мәзірге сәйкес қажетті азық-түлік көлемін көрсетіп, өтінімдер берген. Алайда, алдын ала өнім берушімен қылмыстық сөз байласып, олар толық жеткізілім туралы құжаттарға жалған мәліметтер енгізген. Қылмыстық схеманың бастамашысы және қылмыстық келісімнің тікелей ұйымдастырушысы бұрын сотталған олардың сыбайласы (өнім беруші) болған», - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасы.

Оларды 2 және 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты.

«Сот үкімімен балабақша меңгерушілеріне тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, мәжбүрлі еңбекке тарту және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу жазасы тағайындалды», - делінген үкімде.

Сонымен қатар, ұқсас қылмыстар үшін өтелмеген соттылығы болған олардың сыбайласы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жымқырған 35 млн теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар