Мәдениет
«Орамалың құтты болсын»: Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның жаңалығымен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 тамыз, 2024
- 2.3k
Жақында отбасында жақсы жаңалық болды
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның өмірінде орын алып жатқан жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші құрбысын құттықтап, тілегін білдірді.
“Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!”, – деп жазды әнші.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024