Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Халықтың алтын ұлы»: Төреғали Төреәлі досы Елдос Сметовке қымбат сыйлық берді

«Халықтың алтын ұлы»: Төреғали Төреәлі досы Елдос Сметовке қымбат сыйлық берді
Сурет: instagram.com/toregalitoreali/
Төреғали Төреәлі спортшы досына тілек тіледі

Әнші Төреғали Төреәлі Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке асыл тұқымды жылқысын сыйғңа тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Олимпиадаға кетер алдында екеуі кездесіп, бата жасаған екен. Бұл туралы әнші Instagram-дағы Stories-те жазды.

"Ол Олимпиадаға кетер алдында біз кездесіп, бата қылып едік. Құдай қабыл еткен ғой. Менің оған қандай қатысым бар. Жаттығу жасаған Елдос, алтынды алған Елдос, досым, құрдасым. Халықтың алтын ұлы", - деді ол.

Елдос Сметовке жылқысын сыйға тартты.

"Мен оны Ел-аға деп атаймын. Менде бұрын үлкен ағалар берген жылқы бар. Жақсы асыл тұқымды. Соны сыйға тартамын", - деді әнші.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар