Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әзірбайжандық Санан Сулеймановпен белдесуі мүмкін
Балуан Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж олимпиадасының ширек финалында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
77 келі салмақта белдесетін балуанымыз алғашқы айналымда колумбиялық Хаир Куэроны айқын басымдықпен ұтса, ширек финалында жарыстың басты фавориті, қырғызстандық әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен белдесты. Оны 3:1 есебімен басып түсті. Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әзірбайжандық Санан Сулеймановпен белдесуі мүмкін.
Айта кетейік, Демеу мен Махмұд бұған дейін бір рет кездесіп, қырғызстандық балуан басым түскен. Дегенмен Демеу осыдан жеті жыл бұрын дәл осы Париж қаласында әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған еді.