Алматыда күйеуі әйелін зорлап, одан кейін өлтіріп тастаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 тамыз, 2024
- 2.1k
Күйеуі әйелін зорлап, өлтіріп кеткен. Бұл туралы марқұмның анасы Ulysmedia.kz сайтына айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Сабыржан әйелінің ажырасу ұсынысын дұрыс қабылдаған. Тіпті қызын Астанаға алып кетуіне де қарсы болмаған.
31 қаңтарда Әл-Бейне Алматыға баласын көруге келген. Бұл ол үшін соңғы күн болған.
Анасының сөзінше, Сабыржан таңғы бес жарымда әйелін аэропорттан күтіп алған. Алайда өзінің көзіне шөп салды деген күдікпен оған бірнеше сұрақтар қойып мазасын қашырған.
«Экспертиза сол күні айыпталушы мен қызымның жыныстық қатынасқа түскенін анықтады. Ол оны қорқытты деп ойлаймын. Көрші бөлмеде қызы жатқан», - дейді анасы.
Әйелін зорлаған Сабыржан оны жертөлеге апарған. Ал ол жерде пышақ дайын болыпты. Марқұмның отбасы оны өлімші етіп сабағанын айтады.
«Зарипов қызыма 6 пышақ жарақатын салған. Өмірінің соңғы минутында қызымның қандай азап шеккенін елестете алмаймын. Сонымен қатар аяусыз ұрған», - дейді анасы.
Қылмысын жасаған соң полицияға хабар берместен бұрын марқұмның телефонынан өзіне ақша аударып алған. Қалған ақша мен үйдің құжаттарын және 12 жастағы қызын ер адам әпкесіне апарған. Қорғау ұйымы баланы күдіктінің әпкесіне қалдырған.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024