Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Головкин: Назым әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарында екенін дәлелдеді

Головкин: Назым әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарында екенін дәлелдеді
olympic.kz
Ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді, деп атап өтті Головкин.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшы Назым Қызайбайды Париж Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады, деп жазды Olympic.kz.

"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықты Олимпиада медалімен құттықтаймын!", - деді ол.

Головкин Назым Қызайбай ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келгенін атап өтті.

"Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді", - деп толықтырды Геннадий Головкин.

Оның айтуынша Назымның бұл жетістігі көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар