«Қызғаншақ, іші тар». Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрлыханов туралы айтты
- автор kyn.kz
- 7 тамыз, 2024
- 39.2k
Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов "Уақыт көрсетеді" youtube-арнасына берген сұхбатында бас бапкерліктен алып тастаған Дәулет Тұрлыхановқа қатысты ойын айтты.
Оның айтуынша, Дәулет Тұрлыханов кейін бұл ісіне өкінген, деп жазады Massaget.kz.
"Бас бапкерліктен мені алып тастаған Дәулет Тұрлыханов. Неліктен ондай қадамға барғанын білмеймін. Мұны еске алғым келмейді. Дәулет қазақтың керемет азаматы. Біз онымен туған құдамыз, туыспыз. Қайрат інім Дәулеттің қарындасын жар етіп алған еді. Менің ұнамайтын жерім бар шығар. Реніш жоқ. Адам болуымыз керек қой. Қаншама еңбек етіп, талай азаматты шығардық. Ел мұны естігісі келмейді, көргісі келмейді.
Себебі біздің қазақ қызғаншақ, іші тар. Кейін Дәулет Тұрлыханов маған "бекер олай істедім" деп өкінетінін айтты. Біз Дәулетпен бір-бірімізді бұрыннан білетінбіз. Талай талонмен тамақ ішетінбіз. Дәулетті қалай жамандайын", - деді ол.