Алматы облысында қызын жындыханаға мектеп басшылығы жатқызғанын айтқан әке Тоқаевтан көмек сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 тамыз, 2024
- 378
Ер адам қызын мектеп жалған ақпарат беріп, жындыханаға жатқызып тастағанын айтып, президент Тоқаевтан көмек сұрады, деп деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Рахметжан Тохсынов ТикТок әлеуметтік желісінде видео түсіріп, әділдікке жете алмай жүргенін айтады .
«Алматы облысы, Шелек селосындағы Розыбакиев атындағы мектебі 9 жасар, 2-ші сыныпты оқып бітірген қызым туралы «оқып, жаза алмайды» деген жалған мәләметтерді ауруханаларға берген. Қызым 2-ші сыныпты үздік бағамен бітірді. Қызымды жалған мәліметтермен заңсыз жындыханаға жатқызды. Жәрдем сұрамаған жерім жоқ. Ешкім көмектескен жоқ. Президент мырза көмектесіңізші. Қызыма наркотик дәрілер егіп, ағзасын улап жатыр»,- дейді шырылдаған әке.
Айтуынша, мектеп басшылығы жалған ақпарат берген.