Мәдениет
«Қайдағы ашына?»: Екінші әйелі болуға өзім келістім деген Индира Елемес өзін сынағандарға жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 тамыз, 2024
- 743
“Ішімде не болып жатыр? Тек бір Алла біледі
Әнші Индира Елемес өзін «тоқал» деп атағандарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жеке өмірі жайында сыр шерткен болатын. Алайда, осыдан кейін оған «ашына, тоқал» деп жазатындар көбейген.
“Қайдағы ашына, тоқал? Мен оның жалғыз заңды әйелімін. Бірінші әйелімен заңды некеде болмаған. Бұрында ажырасып кеткен. Сол отбасымен және бізбен екі жақта жүретін", – деп жазды әнші.
Ашуға булыққан әнші көпшілікті өсекке жақын болмауға шақырды.
“Ішімде не болып жатыр? Тек бір Алла біледі. Алдымызда не болады, оны да бір Алла біледі. Өсек сөздерге керең болайықшы", – деп жазды Индира Елемес.