Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында балаларға шабуыл жасаған ер адам оларды зорламақ болды деген күдікке ілінді

Алматы облысында балаларға шабуыл жасаған ер адам оларды зорламақ болды деген күдікке ілінді
Сурет: видеодан скриншот
Сұмдық жағдайдан кейін балалардың төртеуі де ауруханаға жеткізілген

Биыл ақпанда Алматы облысында үйге басып кіріп, балаларға шабуыл жасаған ер адамға қатысты үш бап бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, 16 ақпанда Қазақстанды адамшошырлық оқиға туралы хабар елең еткізді. Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз ер адам үйге басып кіріп, ондағы төрт балаға шабуыл жасаған. Сосын оларды ұрып-соғып, байлап, тамағына пышақ сұққаны хабарланды. Балалардың айғайына көршілері жүгіріп келген.

Прокуратура мәліметінше, үйге баса-көктеп кірген ер адамға қатысты үш бап бойынша соталды тергеу жүргізілген:

120-баптың 1-бөлігі "Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу", 120-баптың 4-бөлігі "Зорлау" , яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданамын немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бірнеше рет жасалған жыныстық қатынас";

126-баптың 2-бөлігінің 5, 7-тармақтары "Кәмелетке толмаған адамға қатысты, екі немесе одан да көп адамға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру";

149-баптың 2-бөлігі "Күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалған немесе адамдар тобы жасаған немесе түнгi уақытта жасалған немесе заңсыз тiнтумен ұласқан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты тұрғынжайдан заңсыз шығару".

"Зерттеудің қорытындысы бойынша істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу мәселесі шешіледі", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Еске салайық, Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз біреу кәмелетке толмаған төрт баланы байлап, ұрып, қинап, пышақпен қорқытқан. Бұл дерекке қатысты облыс басшысы Бауыржан Әленов пікір білдірген еді.

Үш ұл бала мен бір қыздың шырылдаған даусын естіген көршілері жүгіріп келіпті. Күдікті сол сәтте қашып үлгерген. Балалардың үлкені 13 жаста. Қалғаны 12, 10 және 8 жаста. Күдікті олардың тамағына пышақ тақап қорқытып, тіпті зорламақ болыпты.

"Педофилдің келгенін көрдік. Көршілермен жабылып жеткенше қашып үлгерді. Есіктен кірген ғой, анасының үйден шығып кеткенін көріп. Ал терезені, балаларды құтқарамыз деп көршілер сындырды", - деді Жадыра Жанабаева.

Сұмдық жағдайдан кейін балалардың төртеуі де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, басы мен бетінен жарақат алған кенже ұлын облыстық балалар ауруханасына жатқызған. Қалғанын амбулаториялық емге жіберген.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар