Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Олимпиадада 9-орын алған теннисші пәтерге ие болды

Олимпиадада 9-орын алған теннисші пәтерге ие болды
Сурет: Қазақстан үстел теннисі федерациясы
Оған Астанадан 2 бөлмелі пәтер сыйлады.

Қазақстан үстел теннисі федерациясы Париж Олимпиадасында 9-орынмен оралған Кирилл Герасименкоға пәтер табыс етілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Федерация Кирилл Герасименконың жарқын өнер көрсеткенін және бұған дейін бұл спорт түрінен мұндай көрсеткіш тіркелмегенін мәлімдеді. Оған Астанадан 2 бөлмелі пәтер сыйлады.

Кирилл Герасименко Олимпиаданың алғашқы айналымында Панамерика ойындарының жартылай финалына дейін жеткен чилилік Николас Бургостан басым түсті. Екінші кезеңде Еуропа чемпионы, командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дан Цюға (Германия) минималды есеп бойынша (12:10, 12:10, 11:9) есе жіберді.

Олимпиададан кейін Кирилл Герасименко әлемдік рейтингте 46-орыннан 37-орынға көтерілді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар