Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова қалың малы 5 миллион екенін айтты

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова қалың малы 5 миллион екенін айтты
Сурет: olympic.kz
Спортшы келесі олимпиадаға дейін тұрмысқа шықпаймын деп ашумен айтқанын жасырмады

Парижде өткен Олимпиада ойындарында 48 келі дейін салмақ дәрежесінде күресіп, 5 орынға табан тіреген Абиба Әбужақынова тұрмысқа шығуына ештеңе кедергі емес екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Спортшы келесі олимпиадаға дейін тұрмысқа шықпаймын деп ашумен айтқанын жасырмады.

«Олимпиадада жеңіліп қалған соң Лос-Анджелес олимпиадасына дейін тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айтқанмын. Бұл туралы әлі ойланып көремін, – деді Әбиба Әбужақынова.

Дзюдошы қыз сұхбаттарының бірінде қалың малы 5 миллион теңге болатынын мәлімдеген еді. Дегенмен спортшы ару жігіттің әлеуметтік жағдайына да қарайтынын айтты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар