Спорт
“Жүрегім боc”: Нұрбек Оралбай болашақ жарының қандай болуы керегін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 тамыз, 2024
- 1.1k
Спортшы өзіне ақылды қыз керек екенін айтты
Париждегі олимпиададан соң елге оралған Нұрбек Оралбай ұшақтан түсе сала журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол сұхбатта өзінің жүрегі бос екенін және болашақ жарының қандай болуы керек екенін айтты. Оған журналистің бірі "Әкеңіз биыл сізді үйлендіруді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Сол жағы қалай болып жатыр?" деген сұрақ қойған.
"Енді көре жатармыз. Бірақ қызым жоқ, жүрегім боc. Бұйырған күні үйленетін шығармыз", - деді боксшы.
Сонымен қатар спортшы болашақ жарына қатысты айтты.
“Ақылды, иманды қыз болуы керек. Боксты білуі маңызды емес", - деді Олимпиаданың күміс жүлдегері.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024