Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Келінінен сөз есту қандай қиын»: әзілкеш әйелімен ажырасуының себебін түсіндірді

«Келінінен сөз есту қандай қиын»: әзілкеш әйелімен ажырасуының себебін түсіндірді
Сурет: Ашық дереккөздерден
Балалар дегенде ет жүрегім езіліп кетердей әкелік махаббатымды быт-шыт қылды

Белгілі әзілкеш, әрі актер Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Нұрсұлтан Жақсыген ажырасуына қатысты өз шындығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Айтуынша, ажырасуға қарсы болып, әйелін райынан қайтаруға тырысқан.

“Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің жағдайын жасам немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде келінінен сөз есту қандай қиын десеңші. Екі ортада қалып қойсам да әліптің артын бағып түзелер десем де, енді мені жамандап әлек әлуметтік желіде. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды деп жылы жауып қоя салатындай емес. Жәннатқа жету жолын ерін ата-анасының разылығына, әйелінің жәннатын ерінің разылығына байлап қойған жоқ па. “Дүние ақша дегенге ешкім жеткен емес, отбасың ойран болып жатса ешнәрсе де керек емес. Ақылға көнейік бізден басқа балапандарымызға кім ата-ана бола алады” деген нәрсені де тыңдаған жоқ. Өзі барып арыз беріп, өзі алимент төлетемін деп тартып қалды. Балалар дегенде ет жүрегім езіліп кетердей әкелік махаббатымды быт-шыт қылды. Бізде бәрі болды махаббат да, сезім де, үй де, ақша да.. Тек “кешірші менің қателігімді” деген иілу болмады”, - деп жазды өнер иесі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар