Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Олипиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөлік сыйлады

Олипиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөлік сыйлады
Сурет: Allur баспасөз қызметі
Спортшы алғыс айтып, сыйлық оны ары қарай дамуға жетелейтінін жеткізді

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа қазақстандық Allur автокөлік компаниясы темір тұлпар мінгізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Компания басшылары оған Skoda Kodiaq көлігін сыйлаған.

«Нариманды қолдай алғанымызға қуанамыз. Бұл көлік оның жаңа белестерге жетер жолда сенімді серігі болады деген үміттеміз»-дейді Allur компаниясының өкілі Станислав О-Юн-Бем.

Өз кезегінде Нариман да алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

«Отандық компания жеңісімді осылай бағалағанына ризамын. Бұл сыйлық мен әрі қарай дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады», - деді спортшы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар