Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"11 баланың әкесі көз жұмды". Жамбыл облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

"11 баланың әкесі көз жұмды". Жамбыл облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты
t.me/kris_p_almaty_official
Жамбыл облысындағы жол апатынан 2 полиция қызметкері де қайтыс болды.

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан екі полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Kyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17 тамызда сағат 01:00 шамасында "Меркі - Шу - Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. 25 жастағы Тойота Альфард автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Шкода Октавия патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан. 

Апат салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүрген қызметтік көліктегі екі патрульдік полиция қызметкері қаза тапты. Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің бірі 11 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

Тойота Альфард көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, үш жолаушы мен жүргізуші әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Полиция мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар