Жамбылда жол апатынан қаза тапқан 11 баланың әкесін жерлеу рәсімі өтті (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 18 тамыз, 2024
- 1.4k
Жексенбі таңы Жамбылда 11 баланы асырап алған Ғалым Арыстанбаевтың денесі жер қойнына тапсырылды.
17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған.
25 жастағы Тойота Альфард автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Шкода Октавия патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері және Toyota Alfard көлігінің төрт жолаушысы көз жұмды. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.
Жамбыл облысындағы 6 адамның өмірін қиған жол-көлік апатынан қаза тапқан полицейдің бірі “100 жаңа есім” жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы, 11 баланың әкесі 46 жастағы Ғалым Арыстанбаев екені белгілі болды.
Алматыда тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда педагогтердің құқығын бұзғандарға жаза күшейтілмек
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025
Қазақстанда соңғы айларда дәрі-дәрмек арзандаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025




