Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді

Алматыда тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді
Сурет: НеМолчиKZ
Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді

Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күйеуі әйелін ұрып өлтірді, деп хабаралайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры мәлімдеді. 17 тамызға қараған түні «Асылтау» тұрғын үй кешеніндегі тұрғынның бірінен полицияға хабарлама түскен.

«Сәлеметсіз бе?! Алматыдағы тұрғын үй кешенінде тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді. Бұл сұмдық. Біздің елде әйелін ұрып-соғып өлтіру сәнге айналған сияқты. Қылмыскерді қолға түсірген секілді. Әйелдің бір қызы бар, жасы 45-те еді. Мен оны күнде көретінмін, сондай ұқыпты еді. Екі үйдегі 14-15 қабатқа дейін тап-таза етіп, жинап шығатын», – деген хабарлама жіберген әйел.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты іс қозғалғанын хабарлады.

«Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген ПД хабарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар