Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Доллар борады": Абай Бегейдің 16-дағы қызының беташары өтті (ВИДЕО)

"Доллар борады": Абай Бегейдің 16-дағы қызының беташары өтті (ВИДЕО)
kyn.kz
Көпшілік бар байлығын елге көрсетіп, желіге шығарған Абай Бегейдің жаңа құдаларын сынады.

 

Танымал әнші Абай Бегей екінші қызын алып қашып кеткендерге батасын беріп, құда атанды. Бүгінде екі әулетте той болып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасаған Kyn.kz  тілшісі.

Өнер иесінің қызы өзінің туған жері Ақтау өңіріне келін болып түсті. Жақсы жаңалықты желіге әншінің жұбайы жариялады. Осыдан кейін журналист Гүлмира Әбіқай мұның заңсыз екенін жазған еді.

«Маңғыстау Облысының Полиция Департаменті, екі бірдей заң бұзуға қалай жол бердіңіздер? Қыз алып қашу және кәмелет жасқа толмаған қыз??? Маңғыстау облысының білім басқармасы, білім қайда? Сабақ қайда? Екі жақтың Ата-анасын заңды жауапқа тартып, айыппұл салу қажет. Абайды сыйлаушы едім, өз қызына өзі жау болып шыққаны жаман болған екен!», — деп жазды журналист.

Ал кеше Абай Бегейдің әулетінде той болды. Желіге жүктелген суреттер мен видеолардан сырға салу рәсімі мен қыз ұзату бір күнде өтіп жатқанға ұқсайды.

«Жат елге келін кеп, көздері мөлдіреп анасын сағынып тұр», — деп Сымбат Абайқызы жазба қалдырды.

«Әкесі қайда? Әкесінің батасын алмай әйелдердің ұзатып жатырғаны дұрыс болмады», «Ағасы жылағанда біз де жыладық», «Әлі сене алар емеспін, шынымен ұзатылып жатыр ма?», — деп оқырмандары түрлі пікір қалдырды. 

Содан кейін барған жері беташар тойды дүркіретіп өткізді. Құдалар беташарда доллардан ақша шашқан.

"Оңай келген ақша осылай шашылады. Маңдай терге малынып тапсаң өзіңе қимайсың", "Енесі неге келіп тұрған баланың кеудесін қақты", "Астамшылдық пен ысырапшылдық жақсылыққа апармайды", "Барлығы жасандылық көрініп қалды", деп жазды оқырмандары. 

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегей Ақтауға белгілі блогер әрі тіс дәрігерлерімен құда болып жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар