Спорт
Қайрат Сәтжанов отандық бокстың нашар нәтиже көрсету себебін атады
- автор kyn.kz
- 19 тамыз, 2024
- 1.6k
Сәтжанов жұмысты неден бастайтынын айтты.
Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Қайрат Сәтжанов бас команданың жаттықтырудың жауапкершілігі үлкен екенін айтты, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
"Бүгінде Қазақстан боксында бірқатар проблема бар. Мұның бәрін Париж Олимпиадасынан кейін көрдік. Бұл ең бірінші кезекті жаттығу жоспарының дұрыс құрылмауы, командалармен оқу-жаттығу жиындарының өтпеу себебі.
Алға қойған жоспарларымыз өте үлкен. Бірінші кезекті кіші жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамаға бірдей көңіл бөлу. Содан соң Қазақстанда өтетін жарыстардың әділ болуына мән беріп, жаттығу жиындарын бір жүйеге келтіру", - деді Сәтжанов.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң бұрынғы бас бапкер Мырзағали Айтжанов қызметінен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов келді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Паралимпиада ойындарында Ерғали Шәмей күміс жүлдегері атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қыркүйек, 2024
Спорт
Париж Олипиадасына қатысқан спортшыны жігіті бензин шашып өртеп жіберді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024