«Мықты екенін дәлелдейтін еді»: Назым Қызайбай бөлмесіне химикат шашқан әріптесі Ангелина Лукас туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 тамыз, 2024
- 2.0k
Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай ұлттық құрамадағы бұрынғы әріптесі Ангелина Лукас туралы айтып, оған сәттілік тіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы спортшы Tengri Sport-қа бергент сұхбатында сөз етті. Айтуынша, Ангелина Олимпиадаға жеңіске жете алмайтынын білгендіктен барудан бас тартқан.
«Әркім өз жолын таңдайды. Біреу жаттығу жасайды, нәтиже көрсетеді, енді біреу көп сөйлейді, бірақ ештеңе істемейді. Ангелина біраз нәрсе айтты. Ол сұхбатында Олимпиада ойындарына барғысы келетінін алға тартқан. Оған спаррингке қатысуға мүмкіндік те берілді. Меніңше, ол жеңіске жете алмайтынын білгендіктен де бас тартты. Егер шын қаласа, бәріне өзінің мықты екенін дәлелдейтін еді. Ол ешқандай мүмкіндік жоқ екенін жақсы білді. Оны кіммен қойсаң да жеңе алмайтын. Ол жақта жеті адам болды, олардың қай-қайсысы да Ангелинадан мықты. Сондықтан келмегені дұрыс болды деп ойлаймын. Мен оған тек сәттілік тілеймін, әрі қарай да кәсіпқой бокста өнер көрсетіп, нағыз чемпиондық атақтарға қол жеткізуіне тілектеспін», - деді Назым Қызайбай.
Еске салсақ, Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұлттық құрамада бір салмақта өнер көрсеткен болатын. Алайда екеуінің арасында дау-дамай туып, арты шуға ұласқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024