Қазіргі кезде сарбаздардың жаппай ауруханаға түсу себептеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр
Қарағанды облысы Теміртау қаласында Ұлттық ұланның 36 әскери қызметкерлері аурухана түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, әскери қызметкерлер жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
"18 тамызда Теміртау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды, оның ішінде 31 қызметкерге жедел ішек инфекциясы және бесеуіне жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылған. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар қабылданды", – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде сарбаздардың жаппай ауруханаға түсу себептеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.