Саясат       
 Апелляциялық сот экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін қарады
- автор Томирис Тоныкөк
 - 21 тамыз, 2024
 - 960
 
 Арыстанбек Мұхамедиұлы осы жылдың 29 ақпан айында төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын
 Аппелияциялық сот экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін қарады. Қылмыстық істі қарауды 21 тамызда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жүргізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алғашқы үкімге қорғаушылар, сотталушылар және олардың адвокаттары шағымданды.
"Астана сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Арыстанбек Мұхамедиұлы осы жылдың 29 ақпанында төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
 Саясат   
 Тоқаев Абзал Нүкеновті Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатты
- авторТомирис Тоныкөк
 - 27 қазан, 2025
 
 



