Жартылай жалаңаштанған Алтынбек Тәшімбетов қамауға алынуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 тамыз, 2024
- 527
Әнші Алтынбек Тәшімбетов жартылай жалаңаш жүрген жерінен қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда ол шу шығарып, медицина қызметкерін қорлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков телеграм арнасында жазды. Айтуынша, әнші ауруханадағы ресепшн терезесін сындырып, шу шығарыпты.
«Дүйсенбі күні Алтынбек Тәшімбетовты бір ғана іш киіммен Алматыдағы қалалық клиникалық ауруханасына әкелді. Аса да танымал емес әнші ол жерде шу шығарып, кезекшіліктегі медицина қызметкерін қорлаған. Оны көмекке келген полиция тыныштандырған», - деп жазды журналист.
Оқиға 19 тамызда орын алған. Жазуынша, әншіні алдағы уақытта әкімшілк сот күтіп тұр.
"Қазір әншіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 80-1 бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс материалдары жиналған. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп пікір білдірді Алматының Полиция департаменті.