Қоғам
Оқу-ағарту министрі Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қызға қатысты пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 тамыз, 2024
- 894
Министр интернеттегі кейбір нәрселер мүлдем шындыққа жанаспайтынын айтты
Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқиғаға қатысты сұрақтарға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министр бұл мәселені бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
"Қазір тергеу жүріп жатыр. Мен бұл мәселені бақылауда ұстаймын. Облыс басшылығымен сөйлестім. Тергеу әлі жалғасып жатыр, бізге шыдамдылық қажет. Интернеттегі кейбір нәрселер мүлдем шындыққа жанаспайды. Сондықтан тергеу аяқталғанша күтеміз, содан кейін шешім қабылдаймыз. Кейбір тексерілмеген фактілерге және т.б. негізделген асығыс шешім қабылдау арқылы адамның тағдырын бұзуға болады ", – деді Бейсембаев.