«1,5 млн теңге»: Абай Бегейдің қызы енесіне қымбат сыйлық сыйлады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 тамыз, 2024
- 1.9k
16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы енесіне қымбат сағат сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сымбат Абайқызы енесіне алтын сағатты өзінің жинаған ақшасына әперген.
“Тойымды армандағынымдай күшті өткізіп бергеніңіз үшін рақмет. Маған "ботақаным, осы тойда үш көйлек киші, үш көйлек ауыстыр, бәрі өзіңнің армандағаныңдай болсын" деп жүгіріп жүргеніңіз үшін рақмет. Сізді қатты жақсы көремін. Осы күнгі дейін өзім жинаған ақшама сізге сыйлық алдым. Соны табыстағым келіп тұр. Сізге 1,5 млн теңгеге алтын сағат алдым", – дейді Сымбат Абайқызы.
Мұндай қымбат сыйлық күтпеген енесі көзіне жас алды.
“Жаным сол! Ботақаным сол! Мұндай қымбат сыйлық сыйлайды деп ойлаған жоқпын, шок болып қалдым. Рахмет, жаным! Өзіңе мың еселеп қайтсын!”, – деп алғысын білдірді енесі.