Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бөпелі болып, сүйіншілейтін күнге жетейік»: екінші рет тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева бала сүйгісі келетінін айтты

«Бөпелі болып, сүйіншілейтін күнге жетейік»: екінші рет тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева бала сүйгісі келетінін айтты
Сурет: Ашық дереккөздерден
Айгүл Иманбаева бөпелі болуға дайын екенін жеткізді

47 жасында екінші рет тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева балалы болуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы әнші “Мамский әңгіме” подкастында әңгімеледі.

“Балалы болуға дайынмын. Бұл Құдайдың жоспарындағы дүние. Бірақ менің маңдайыма бөпелі болуды жазса, дүниеге әкелуге дайынмын. Ер мен әйелге бөпе не үшін беріледі?! Біздің қазақта “Ойбай, қартайғанда туыпты” деген сөзі бар. Біріншіден, қартайып тұрған түрім жоқ. Қазақтар ғана 35 жасында қартайып, 45 жасында өлімге дайындалады. Ол биологиялық өлшем емес. Мидағы ғана қалыптасқан түсінік. Шетелде көп жүрдік. Ол жақта 35 жасқа дейін жасөспірім болып есептеледі. 35 пен 65 жастың арасы жас болып саналады. Олардың өмірі 40 жастан кейін басталады. Саяхаттап жүргендер де, сүйісіп отырғандар да, сол жастағы адамдар. Осы нәрсені қазақтардан да көргім келеді. Сол үшін де балалы болудан қашып отырған жоқпын. Сондықтан біз дайынбыз. Биылғы жылды балама, баламның киносына арнадық. Бұйыртса келесі жылы бөпелі болып, сүйіншілейтін күнге жетейік”, – деді әнші. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар