«Менің де ұлым әскери борышын өтеп жатыр»: Динара Сәтжан Ербаян Мұхтардың ісі бойынша Қорғаныс министрлігіне үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 тамыз, 2024
- 686
Шоу-бизнесте жүрген өнерпаздар мен журналист Динара Сәтжан алты айдан астам уақыт комада жатқан ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың ісі бойынша алаңдаушылықтарын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналист Динара Сәтжан өзінің де ұлы әскери борышын өтеп жатқанын айтып, Қорғаныс министрлігіне үндеу жасады.
“Қорғаныс министрлігі оқиғаның себебін анықтау керек. Менің ұлым да қазір әскери борышын өтеп жатыр. Біз командирлеріне сенім артамыз. Бірақ олардың бәрі жақсы бола бермейді екен. Ербаянның басынан өткені кездейсоқ оқиға емес. Дені сап-сау жігіт отбасына мүгедек болып оралды. Мұндай оқиға болмауы керек еді. Әскер қауіпсіз болуы керек емес пе?! Ол жақта қарны тоқ, дені сау қорықпайтын сарбаздар ғана қызмет етеді. Ал командирлер әкелеріндей қарайтын мықты адамдар болуы керек”, – деді Динара Сәтжан.
Сондай-ақ, әнші Салтанат Бақаева да бұл оқиғаға бей-жай қарай алмайтынын жеткізді.
“Осыдан кейін қалайша балаңды әскерге жібересің. Алматының іргесіндегі әскери бөлімшеде болып жатқан оқиға. Басқа қалаларды не болып жатқанын ойлаудың өзі қорқынышты. Не деген жауыздық! Ата-анасына күш-қуат берсін!”, – деп жазды актриса.
Актер Тәуекел Мүсілім де сарбаздарды мүгедек ететін әскер не үшін керек екенін жазды.
“Осында жағдайдан кейін ұлдарымызды әскерге қалай жібереміз?! Сарбаздарымызды мүгедек ететін әскер бізге не үшін қажет?”, – деп ашуланды ол.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024