Басты жаңалықтар
«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 тамыз, 2024
- 717
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды
«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауытының» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады», - деп жазылған Антикор таратқан хабарламада.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді қалайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024