Түркістанда іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленген
- автор kyn.kz
- 23 тамыз, 2024
- 422
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі облыс прокуратурасының үйлестіруімен Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмыстарды әшкерелеген.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің қызметкерлері мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірген.
"Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің жауапты тұлғалары "2021-2025" жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы" аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласа отырып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған.
Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығын бөлісті
Ұқсас жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апаты: Бозымбаев мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025
«-2 градус жылы»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025