“16 жасында тұрмысқа шыққаны қиындау секілді”: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ерте тұрмысқа шығу туралы
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 тамыз, 2024
- 1.9k
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан ерте жаста тұрмысқа шығуға қарсылығын білдірді, деп хабарлайды, KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты.
“Мен қыздарымның тұрмысқа шығуына қарсы емеспін. Бірақ 16 жасында тұрмысқа шыққаны қиындау секілді. Дегенмен әр адам өзінің маңдайына жазылған дүниені көреді. Қай жаста шықса да тек бақыт тілеймін. Ешқандай артық сөз айтпаймын”, - деді ол.
Өзінің 20 жаста тұрмысқа шыққанын айтып, 21-де балалы болғанын алға тартты.
“Өзім 20 жасымда тұрмысқа шықтым. Үлкен қызым Әдемі 20 жасқа толды. Қарап отырсам, қызым әлі бала. Оның дене бетімі бойшаң, ірі болғанымен, ой-өрісі әлі бала. Оның кейде ойнап жүргенін көріп, «Қызым, мен сенің жасыңда тұрмысқа шыққанмын. 21 жасымда балалы болдым» десем, «Мама, мені асықтырмаңыз, қазір заман басқа» дейді. Балаларымның бақытты болғанын қалаймын”, – деді Мөлдір Мұқан.