Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тістеп алған»: Дана Әтешоваға сот айыппұл тағайындады

«Тістеп алған»: Дана Әтешоваға сот айыппұл тағайындады
Сурет: видеодан скриншот
Үкім заңды күшіне енген жоқ

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экс-күйеуі үйден қуып шықпақшы болған Дана Әтешоваға үкім шығарды. Сот оған денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл тағайындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Соттың хабарламасына сәйкес, Дана Әтешова үй иесіне қарсылық көрсетіп, оған дене зақымын клетірген.

"Азамат А. оны мәжбүрлеп шығару процесінде М. үйінің иесіне қарсылық көрсетіп, оны үйге кіргізбей, жәбірленуші М-ге әдейі ұялы телефонмен соғып, содан кейін оны тістеп алды. Нәтижесінде М. денеге зақым келтірді. Айыпталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді", - делінген елордалық соттың хабарламасында.

Прокурор 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап оқиға мен қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 108-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.

"Жасалған теріс қылық мән-жайларын және оның ауырлығын ескеріп, сондай-ақ сотталушының дара кәсіпкер болып табылатынын, оның асырауында 3 жас баласы бар екенін және жазаның өзге түрін тағайындау оның балаларының өмірі мен тәрбиесінің шарттарына әсер етуі мүмкін екенін ескеріп, сот сотталушы А.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады", - делінген хабарламада сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар