1 қыркүйекте мектептерде алғашқы қоңырау соғылмайды: Алматы әкімдігі мәлімдемені жоққа шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 тамыз, 2024
- 776
1 қыркүйекте Алматы мектептерінде алғашқы қоңырау соғылмайды деген ақпаратты әкімдік өкілдері жоққа шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Барлық мектепте білім күніне арналған салатанатты шара 1 қыркүйекте өтетіні белгілі болды.
«Білім күні» 1 қыркүйекте 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара түрінде өткізіледі. 2 қыркүйекте бірінші сабақта 2-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында дәстүрлі сынып сағаты өтеді, одан кейін сабақтар кесте бойынша жалғасады», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында мектепке 345 мың бірінші сыныпқа баратынын жария етті.
«Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді. 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді», – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.
Сонымен қатар 1 қыркүйек демалыс күніне түскеніне орай барлық мектеп мұғаліміне қосымша ақы төленетіні де хабарланды.
«Педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті екенін хабарлаймыз» , – деп толықтырды ресми өкіл.
Айта кетсек, бүгін, 23 тамызда Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қала мектептерінде 1 қыркүйек күні оқушылар мектепке бармайды деп күтпеген мәлімдеме жасаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024