Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Германиядан диагнозым келді": Ермұрат Бапидың жағдайы белгілі болды

"Германиядан диагнозым келді": Ермұрат Бапидың жағдайы белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ермұрат Бапи ендігі кезекте емделуге кететін болды

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің қазіргі жағдайы белгілі болды. Германиядан диагнозы келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы саясаткер Болат Әбілов Ермұрат Бапидан сұрап білді.

«Жақында ғана Германиядан оралған Ермұрат Бапимен сөйлесіп отырмыз. Берлиндегі «Шарите» клиникасындағылар Ерекенің ағзасынан «Новичокты» (улайтын затты) таппады», – деді ол.

Өз кезегінде Бапи да жағдайының жақсы екенін мәлімдеді.

«Әзірге денсаулығым дұрыс, бірақ Германиядан диагнозым келді. Енді емделуге баруым керек», – деді ол.  

Еске салсақ, бұған дейін Ермұрат Бәпи жұмбақ дертінің себебін анықтау үшін Германияға барған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар